Talis - халықаралық зерттеуі
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектебінде өткізілген
TALIS – 2018 халықаралық зерттеуі туралы мәлімет
2016-2019 жылдарға арналған білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстан TALIS – 2018 зерттеуіне алғашқы рет қатысып отыр. TALIS – мұғалімдер жұмысын, жұмыс жағдайын және мектептегі білім беру ортасын бағалауға бағытталған ең ауқымды халықаралық зерттеу. Зерттеудің мақсаты – сабақ беру мен оқытуға бағытталған нәтижелі білім беру саясатын қарастыруға және өзгертуге мүмкіндік беретін сенімді, мерзімді және салыстырмалы деректермен (индикаторлармен) қатысушы елдерді қамтамасыз ету болып табылады. TALIS зерттеуіне 46 мемлекет қатысуда. Осы мемлекеттердің ішінде Қазақстанның 331 мектебінде алғашқы рет 6620 мұғалім онлайн форматта тапсырып бастады. Жамбыл облысы бойынша 12 мектеп қамтылды.
Тараз қаласы |
Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған Білім-Инновация мектеп-интернаты |
Тараз қаласы |
Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
Меркі ауданы |
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектебі |
Тараз қаласы |
№10 орта мектебі |
Жамбыл ауданы |
Бейсенбек Тайшапұлы атындағы орта мектебі |
Жамбыл ауданы |
Айшабибі орта мектебі |
Жамбыл ауданы |
Антон Макаренко атындағы орта мектебі |
Жуалы ауданы |
№1 Григорий Орджоникидзе атындағы мектеп - гимназия |
Жуалы ауданы |
№16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі |
Талас ауданы |
Бозарық негізгі мектебі |
Қордай ауданы |
№35 Рза Қунақова атындағы орта мектебі |
Шу ауданы |
Төле би атындағы орта мектебі |
Шу ауданы |
Сәкен Сейфуллин атындағы шағын орталықты орта мектебі |
Тараз қаласы |
Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы |
Зерттеу болатын кестесі бойынша Меркі ауданында алғашқы мектептердің бірі болып 13наурыз күні №5 Ақарал жалпы білім беретін мектебінде TALIS халықаралық зерттеуі өткізілді. Зерттеу өткізу барысында мектепке Астана қаласынан «Ақпараттық –талдау орталығы» Акционерлік қоғамы халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаментінің директоры, ұлттық үйлестіруші Ерлікжан Сабырұлы, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Білім үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің жетекшісі, облыс үйлестірушісі Жамалбекова Шафиға Мамырханқызы келді.
Ұлттық үйлестіруші Ерлікжан Сабырұлы сабақ беру мен оқытудың халықаралық TALIS зерттеуі: Қазақстанда педагогикалық корпустың даму перспективалары туралы мәліметтер берді.
- 2016-2019 жылдарға арналған білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан ЭЫДҰ TALIS-2018 зерттеуіне алғашқы рет қатысады. Зерттеу 2008 жылдан бастап 5 жылда бір рет өтеді. TALIS зерттеуі білім берудегі «қара жәшіктің» ішінде не бар екенін көруге мүмкіндік береді
TALIS-2018 зерттеуінің негізгі іс-шаралары.
2016ж |
2017ж |
2018ж |
2019ж |
Зерттеу құралдарының пилоттық кезеңі
|
30 мектептегі 600 мұғалім арасында өтетін зерттеудің апробациясы
|
331 мектептегі 6620 мұғалім арасында онлайн форматта өтетін негізгі зерттеу
|
TALIS-2018 нәтижесі бойынша ЭЫДҰ-ның алғашқы халықаралық есебі
|
Ұлттық үйлестіруші Ерікжан Сабырұлы TALIS – 2013 нәтижесіне біраз тоқталып өтті.
TALIS – 2013 нәтижесі бойынша мектепті
басқару оқушылардың білім алу үдерісіне деген ықпалы сыныптағы оқытудың
ықпалынан ғана кем түсетіндігі анықталды.
Жұмыс түрі |
Уақыт үлесі |
Әкімшілік жұмыс/басқару |
41% |
Сабақ беру/оқу бағдарламасы |
21% |
Оқушылармен жұмыс жасау |
15% |
Мұғалімдермен/қамқоршылармен жұмыс жасау |
11% |
Қоғаммен жұмыс жасау |
7% |
Басқа |
4% |
Мұғалімдердің тек 40%-ығана директордың сабағын бақылауынан кейін кері байланыс қабылдайды.
Директорлардың 2/10-сі ғана педагогикалық көшбасшылық саласында білім алды.
Директорлар негізінен өз жұмыстарына қанағаттанады (95,7%) және көбі (86,9%) осы мамандықты тағы да таңдар еді.
Ұстаздардың жұмыс аптасының орташа ұзақтығы – 38 сағат
Мұғалімдер сабақтың 20% тәртіпті орнатуға және әкімшілік құжаттарды толтыруға жұмсайды.
Мұғалімдер мамандыққа кіріспе бағдарламасынан өту мүмкіндігін қолдана бермейді.
Мұғалімдер көбінесе денсаулыққа байланысты мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс жасауда кәсіби біліктіліктерін арттыруды қажет етеді.
Мұғалімдердің көбі ХХІ ғ.
педагогикасын
жоғары бағалайды
Алайда оқыту әдістері оны растай қоймайды.
Мұғалімдердің пікірінше, олардың инновациялық оқыту әдістері әділ марапатталмайды.
Мұғалімдердің тек 30%-ы ғана ұстаз мамандығы қоғамда бағаланады деген ойда.
Мұғалімдер өздерінің мамандығы бағаланады деп санайтын елдердегі оқу жетістіктер деңгейі жоғары.
Мұғалімдердің көбі өз жұмыстарына қанағаттанады.
Мінез-құлқы қиын оқушылар саны мұғалімдердің жұмысқа қанағаттануына кері әсер етеді, ал сынып көлемінің әсері шамалы.
TALIS-2013 нәтижелері білім беру саясатын реформалауда қолданылады.
Шанхайда ұстаздардың орташа еңбекақысы 10%-ға өсті.
Мексикада мұғалімдерді бағалау жүйесі енгізілді. Бағалау нәтижесінде үздік болып табылған мұғалімнің еңбекақысы 25%-ға өспекші.
Аустралияда TALIS-2013 нәтижелері мұғалімдердің бастапқы дайындығын реформалауда қолданылды (мұғалімдерді даярлау бағдармаларының аккредитациясын жетілдіру, бағдарламаға түсу кезіндегі тестілеуді өткізу, мұғалімдерді даярлау бағдармаларының түлектерін бағалау және т. б.).
Италияда TALIS-2013 нәтижелері «Жақсы мектеп» бағдарламасын енгізуде қолданылды (ұстаздардың біліктілігін арттыру үшін қосымша қаржы бөлу және мұғалімдердің нәтижелігіне байланысты еңбекақыны төлеу әдісіне көшу).
TALIS-2013 нәтижелері білім беру саясатын реформалауда қолданылады
Жапонияда зерттеу нәтижелері TALIS-шоктың туындауына әкелді. TALIS нәтижелері педагогикалық мамандардың жетіспеушілігін дәлелдеуге және қосымша мұғалім жалдауға қаржы бөлуді негіздеуге болысты.
Англияда зерттеу нәтижелері мұғалімдердің жұмыс жүктемесін жаңа ақпараттарды қолданып талқылауға жағдай туғызды.
2015 ж. қыркүйегінен бастап алдағы өткен тексеріс кезінде «жақсы» деп бағаланған мектептерде ұзақтығы бір күндік (бір жылда үш рет) «қысқа тексерістер» өткізіле бастады.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Білім үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің жетекшісі, облыс үйлестірушісі Жамалбекова Шафиға Мамырханқызы өз сөзінде TALIS-2018 сауалнама сұрақтары қандай тақырыптардан тұратындығын айтып, таныстырып өтті.
TALIS-2018 сауалнама сұрақтары төмендегі тақырыптарды қамтиды.
1.Кіріспе дерек және біліктілік
2.Қазіргі кездегі жұмыс
3.Кәсіби даму
4.Кері байланыс
5.Оқыту қызметі
6.Белгілі бір сыныпта оқыту
7.Мектеп ахуалы мен жұмысқа қанағаттану
8.Мұғалімдердің шетте оқу бағдарламалары
9.Мәдени әр алуан ортада оқыту
Ұлттық үйлестіруші мен облыс үйлестірушісі TALIS сұрақтары бойынша қазіргі кездегі мұғалімнің кәсіби дамуы, білім сапасын бағалау, мектепті басқару, оқыту әдістемесі, мектеп ахуалы, мұғалімдерді ынталандыру және олардың жұмыспен қанағаттанушылығы, өзін-өзі бағалау және кәсіптік қабілеттерін жетілдіру бойынша сауалнамалардан тұратындығы жөнінде ақпарат беріп, мектеп ұстаздарына сәттілік тіледі. Мектепте кабинет жабдығы, ғаламтор желісінің жұмыс жасауы, қауіпсіздік ережелері дұрыс жолға қойылған.
Зерттеуге мектеп басшысы Нурила Сейсембайқызы бастаған және 20 мұғалім 66 сұрақтан тұратын сауалнамаларға ұйымшылдықпен, жауапкершілікпен жауап беріп, жоғары деңгейде өз үлестерін қоса білді.
Мектеп үйлестірушісі: Сеитова Сандуғаш Қапсаланқызы