Жетістіктеріміз » Страница 19 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
"Жаңартылған білім беру жүйесі аясында пәндерді оқыту: өзекті мәселелер және шешу жолдары" тақырыбындағы педагогикалық оқу
08
қараша
2019
"Жаңартылған білім беру жүйесі аясында пәндерді оқыту: өзекті
2019 жылдың 8 қарашасы күні "Жаңартылған білім беру жүйесі аясында пәндерді оқыту: өзекті мәселелер және шешу жолдары" тақырыбында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің мұғалімдеріне арналған облыстық педагогикалық оқуға гимназиямыздың химия пәні мұғалімі Алайдарова Жанат қатысып, I дәрежелі дипломмен, биология пәні мұғалімі Айтбаев Габит пен география пәні мұғалімі Айжарыков Самат III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Бастауыш сыныптарға арналған республикалық қашықтық олимпиадасы
08
қараша
2019
Бастауыш сыныптарға арналған республикалық қашықтық олимпиадасы
8.11.2019ж гимназиямыздың бастауыш сынып мұғалімдері Сеитова Сандуғаш пен Шарғынова Назгул Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып,   I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Тарих пәнінен  республикалық қашықтық интернет олимпиадасы
07
қараша
2019
Тарих пәнінен республикалық қашықтық интернет олимпиадасы
7.11.2019ж гимназиямыздың тарих пәні мұғалімдері Қасымов Ғани мен Джадраев Азамат КИО Республикалық қашықтық интернет олимпиадасынан I орын иеленді.
"Шығармашылық жұмыс: ұстаз мəртебесі" атты облыстық  on-line байқауы
05
қараша
2019
"Шығармашылық жұмыс: ұстаз мəртебесі" атты облыстық on-line байқауы
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Мөлдір Бекасилова  "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру  институтының жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған "Шығармашылық жұмыс: ұстаз мəртебесі" атты облыстық  on-line байқауына қатысып, "Ең үздік" қысқа мерзімді жоспары үшін II дəрежелі дипломмен  марапатталды.
Республикалық "ПедСтарт" қашықтық олимпиадасының жеңімпаздары
29
қазан
2019
Республикалық "ПедСтарт" қашықтық олимпиадасының жеңімпаздары
2019 жылдың қазан айында ҚР Білім және ғылым министрлігі "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен әдебиеттік оқу пәнінен республикалық "ПедСтарт" қашықтық олимпиадасына жеті бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Нәтижесінде Бекасилова Мөлдір мен Сәдірмекова Гулбаршын 1орын, Бабижанова Райхан, Насипбекова Индира, Сеитова Сандуғаш 2 орын, Дәулетова Гульпаш, Шарғынова Назгүл 3орын жеңімпаздары атанды. Қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Асубаева Фарида қазақ әдебиеті пәні
"Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен "ПедСтарт " қашықтық олимпиадасы
17
қазан
2019
"Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен
2019 жыл17қазан күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен "ПедСтарт " қашықтық олимпиадасына 4 орыс тілі мұғалімдері қатысты. Нәтижесінде Самбетова Гулзира, Далибаева Жаркынай, Байбосынова Гайни 1орын, Шошабай Гүлбайра 2орын жеңімпаздары атанды
"Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер" атты VI  Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
11
қазан
2019
"Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер" атты VI
2019ж 11қазан күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен Нұр-сұлтан қаласында өткен "Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер" атты VI  Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға №5Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі Кикабаева Асель Ашимхановна, тарих пәні мұғалімі Касымов Гани Сарсембаевич, биология пәні мұғалімі Айтбаев Габит Кумисбекович қатысып, өз іс-тәжірибесімен
Жаңартылған білім беру: алғашқы нəтижелері, өзекті мəселелері, шешу жолдары" атты облыстық форсайт-сессиясы
01
қазан
2019
Жаңартылған білім беру: алғашқы нəтижелері, өзекті мəселелері, шешу
1.10.2019ж "ӨРЛЕУ" БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" АҚ ФИЛИАЛЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ұйымдастыруымен өткен "Жаңартылған білім беру: алғашқы нəтижелері, өзекті мəселелері, шешу жолдары" атты облыстық форсайт-сессиясына қатысып, белсендік танытып, қосқан үлесі мен елеулі еңбегі жəне жоғары кəсіби шеберлігі үшін аудандық білім бөлімінің əдіскері Абенова Ляззат Ақылбековна мен /5  Ақарал ЖББМГ бастауыш сынып мұғалімі Бекасилова
"Рухани жаңғыру " бағдарламасының  аясында "Табиғатты аяла" жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы
13
қыркүйек
2019
"Рухани жаңғыру " бағдарламасының аясында "Табиғатты аяла" жас
2019 жылдың қыркүйек айында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру " бағдарламасының  аясында "Табиғатты аяла" жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумында "Жасыл экономика", "Жасыл оазис" номинациялары бойынша №5 Ақарал жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып білім алушылары А.Асқар (жетекшісі А.Кикабаева) мен (жетекшісі-  А.Уалиева )Ж.Қазбекке жүлделі орындар үшін дипломдар, бағалы  сыйлықтар-планшеттер табыс етілді.
"Тәуелсіз елдің спорт сүйер ұстаздары" атты білім мекемелері мен ұйымдары арасында VIII облыстық кәсіподақтық спартакиадасы
03
мамыр
2019
"Тәуелсіз елдің спорт сүйер ұстаздары" атты білім мекемелері мен
Жамбыл облысы әкімдігінің Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының ұйымдастыруымен "Тәуелсіз елдің спорт сүйер ұстаздары" атты білім мекемелері мен ұйымдары арасында VIII облыстық кәсіподақтық спартакиадасында жеңіл атлетикадан (100м. жүгіру)  № 5Ақарал жббмг дене шынықтыру мұғалімі Қойшыбаев Даурен I орын иеленіп, дипломмен марапатталды.