«Анаға тағзым» орталығына 11 сынып білім алушыларына кәсіби бағдар
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» орталығына 11 сынып білім алушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында экскурсия ұйымдастырылды. Мұнда жастарға және көп балалы аналар үшін түрлі курстар ұйымдастырылып, психологиялық және құқықтық тұрғыдан жан жақты қолдаулар көрсетіледі. Орталықтағы «Мирас» экспозициялық залында ұлттық салт-дәстүрлер барынша насихатталады. «Сырғалым» сырласу клубы, «Ерке сылқым» хореографиялық залы, «Қызғалдақ» ұлттық экотәрбие клубы, «Сырлы