Материалы за 02.11.2022 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» Материалы за 02.11.2022
"Күз кереметі" атты сурет байқауы
02
қараша
2022
"Күз кереметі" атты сурет байқауы
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясында "Күз кереметі" атты сурет байқауы 5-7 сынып білім алушылар арасында өтті. Байқау білім алушылардың шығармашылық және көркемдік қиялдау дағдыларын дамытуға мүмкіншілік туғызу. Өнер саласында эстетикалық талғамына, қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру. Байқау қортындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, алғыс хаттармен марапатталды. Ұйымдастырушылар көркем еңбек пәні мұғалімдері А.Барменкулов, А. Уалиева
"Әрбір бала - дана бала!" атты оқушылардың  күзгі демалыс уақыттарын тиімді пайдалану
02
қараша
2022
"Әрбір бала - дана бала!" атты оқушылардың күзгі демалыс уақыттарын
Қараша айында #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Әрбір бала - дана бала!" атты оқушылардың  күзгі демалыс уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында білім алушылар ағылшын тілінде қойылым қойды. Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті, жеңіл келеді. Сондықтан ертегілер білім алушылардың қиялдарына қанат бітіріп, армандарын асқақтады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларын әдемі баяндауға үйретеді. Оқушылар "Үйшік" ертегісіне көрініс көрсетті.
"Әкеге қарап ұл өсер..."атты мағыналық тағылым
02
қараша
2022
"Әкеге қарап ұл өсер..."атты мағыналық тағылым
Қараша айының 2 жұлдызында №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында күзгі демалыс уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына орай дойбыдан отбасылық жарыс өткізілді. Жарыстың мақсаты "Әкеге қарап ұл өсер..."атты мағыналық тағылымы бар, жас өспірім ұлдар мен қыздардың отбасылық жағдайдағы әкенің орны қаншалықты маңыздылығын көрсету және әкесіне қарап бой түзеу. Отбасылық жарыста Абильмажиновтар отбасы(19 ұпай ) 1 орын,
"Ақарал- Прогресс" кәсіби қоғамдыстығы  "Сабақты   зерттеу" аясында  топ модераторлары
02
қараша
2022
"Ақарал- Прогресс" кәсіби қоғамдыстығы "Сабақты зерттеу" аясында
2022 жылдың 2 қарашасында №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп- гимназиясында "Ақарал- Прогресс" кәсіби қоғамдыстығы  "Сабақты   зерттеу" аясында  топ модераторлары  5б сыныбы  Г.Самбетова мен 6ә сыныбы А.Атамкулова  бірінші тоқсанда жүргізілген сабақты зерттеудің ашық және жабық циклдері  бойынша  талдау жұмыстарына есеп берді. 
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік айлығы аясында "Білімнің негізі бастауышта" тақырыбында  салтанатты ашылуы
02
қараша
2022
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік айлығы аясында "Білімнің негізі
2.11.2022 ж N5Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында  бастауыш сынып әдістемелік бірлестік айлығы аясында "Білімнің негізі бастауышта" тақырыбында  салтанатты ашылуы өткізілді.  Білім алушылар мың бұралып би билеп, өлеңдер оқып, тамаша ән орындаумен қатар математикалық ребустар мен  қима қағаздағы сөздерді сөз таптарына талдап, қызықты логикалық тапсырмалар  орындап, білімдерімен бөлісті. Жауапты: И.Насипбекова. А.Асанкулова