02
қараша
2022
"Әкеге қарап ұл өсер..."атты мағыналық тағылым
Қараша айының 2 жұлдызында №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында күзгі демалыс уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына орай дойбыдан отбасылық жарыс өткізілді. Жарыстың мақсаты "Әкеге қарап ұл өсер..."атты мағыналық тағылымы бар, жас өспірім ұлдар мен қыздардың отбасылық жағдайдағы әкенің орны қаншалықты маңыздылығын көрсету және әкесіне қарап бой түзеу. Отбасылық жарыста Абильмажиновтар отбасы(19 ұпай ) 1 орын, Бошкуловтар отбасы (12 ұпай ) 2 орын, Айтбаевтар отбасы (12ұпай) мен Ныгметовтар отбасы (9 ұпай) жинап 3 орындарға ие болды. Ойында өз өнерлерін жақсы көрсеткені ушін Құмашовтар отбасы марапатталды. Жарысты ұйымдастырушылар дене шынықтыру пәні мұғалімдері.