06
маусым
2022
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде "Өнерлі отбасы" бейне байқауы
Ата-ана болса өрнекті,
Ұл мен қызы өсер көрнекті.
Әуезов Мұқаң айтқандай:
Түзейік бесік-жөргекті.
Отбасы-бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Осы мақсатты негізге ала отырып,
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде "Өнерлі отбасы" бейне байқауы өткізілді. Әр бала өз отбасын бейне ролик арқылы таныстырды. Байқау соңында демалушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.