"Менің әкем - ең жақсы адам" тақырыбында спорт сүйер отбасы Н. Жұмағуловпен кездесу кеші » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » "Менің әкем - ең жақсы адам" тақырыбында спорт сүйер отбасы Н. Жұмағуловпен кездесу кеші
20
ақпан
2021

"Менің әкем - ең жақсы адам" тақырыбында спорт сүйер отбасы Н. Жұмағуловпен кездесу кеші

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында 2021 жылдың 20 - ақпан күні "Тәуелсіздік Мәңгілік елдің тұғыры" ұранымен "Менің әкем - ең жақсы адам" тақырыбында спорт сүйер отбасы Н. Жұмағуловпен кездесу кеші өткізілді. Жамбыл облысы білім басқармасының Меркі ауданы білім бөлімінің басшысы А. Алтынбаева алғысөзінде мектеп пен отбасы бірлігін нығайтуға, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған мерейлі іс - шараға сәттілік тіледі. Мектеп директоры Н.Койшиманова Ақарал ауылының тумасы, ат баптау мамандығымен жұртқа танылған Жұмағулов Нұрмат қазіргі таңда өскелең ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, қоғамдық жұмыстарға белсенділік танытып жүрген азамат екенін атап өтті. Іс - шара барысы қазақилыққа, ұлттық дәстүрге байланысты болғандықтан, мектептің пән және дене шынықтыру мұғалімдері Б. Айдабосынов, А. Конурбаев, Е. Бошкулов, С.Айжарықов пен директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Айтбаев ұлттық ойындар туралы мәліметтер беріп, спорттық секцияға қатысушы 5 - сынып балалары асық ату ойын үлгісін көпшілікке көрсетті. "Әкеге қарап ұл өсер" айдарымен атқа қызығушылық танытып, кәсібін жалғастырып келе жатқан Н.Жұмағуловтың ұлы, 8а сынып білім алушысы Асу Даниал ат әбзелдерімен таныстырып, атқа міну мәдениеті мен оның денсаулыққа пайдасы жөнінде баяндап берді. Кеш барысында мектептің "Гауһартас" би үйірмесінің қатысушылары, 3 - 4 сынып білім алушыларынан құрылған хор, республикалық, облыстық өнер байқауы жеңімпаздары Д.Бақыт пен И.Эргашевтің тақырыпты ән мен өлеңдері көпшіліктің көңілінен шықты. Отбасы тәрбиесі, оның ішінде әке рөлінің маңыздылығына ерекше көңіл бөлінген сыр - сұхбат соңында білім бөлімінің басшысы Жұмағуловтар отбасын Құрмет грамотасымен марапаттап, мектеп директоры Н.Койшиманова "Үздік отбасы - 2021" ауыспалы кубогын табыс етті. 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив