Материалы за Қараша 2022 года » Страница 2 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» Материалы за Қараша 2022 года » Страница 2
9 сынып білім алушылары "Рәміздер  - ел бірлігі" тақырыбында сынып сағаттары
28
қараша
2022
9 сынып білім алушылары "Рәміздер - ел бірлігі" тақырыбында сынып
ҚР мемлекеттік Рәміздерінің 30 жылдығына орай балалардың аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздер жөніндегі білімдерін жетілдіру, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету, ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту, Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу мақсатында 9 сынып білім алушылары "Рәміздер  - ел бірлігі" тақырыбында сынып сағаттарын өтті. 
1"А" сынып жетекшісі А. Суанкулова дүниетану пәнінен "Отбасылық мерекелер" тақырыбында ашық сабақ
24
қараша
2022
1"А" сынып жетекшісі А. Суанкулова дүниетану пәнінен "Отбасылық
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 24.11.2022ж. бастауыш сынып әдістемелік бірлестік айлығының жоспарына сай 1"А" сынып жетекшісі А. Суанкулова дүниетану пәнінен "Отбасылық мерекелер" тақырыбында ашық сабақ өтті.  Сабақтың мақсаты:"отбасындағы мерекелер" ұғымымен таныстырып, оның адам өміріндегі маңызын түсіндіру.  Сабақ барысында "Түймедақ", "Досыңа сыйлық" әдістері пайдаланды.  Сондай -ақ, білім алушылар "бата беру",  "сүйінші", "ат қою" ұғымдары туралы түсінік алды.
"Үміт" сарайында "Ұланымыз  Ұлы Елдің!" атты  "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының  құрамына қабылдау салтанатты  жиыны
23
қараша
2022
"Үміт" сарайында "Ұланымыз Ұлы Елдің!" атты "Жас Ұлан" бірыңғай
Аудандық Оқушылар   "Үміт" сарайында "Ұланымыз  Ұлы Елдің!" атты  "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының  құрамына қабылдау салтанатты  жиыны  болып өтті.  "Жас Ұлан" ұйымына ең үлгілі , әдепті, білімді, өнерлі 100 оқушы қабылданды.  Осы шараға №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясының 5 сынып білім алушылары   Қазбек Алихан, Өсер Нұрасыл, Талғат Жанқожа, Нұрман Алуа , Байжігіт Аяла қатысып галстук тағып қайтты. 
"Қазақтың біртуар ұлы - Дінмұхамед Қонаев" шығармашылық байқауының облыстық кезеңі
23
қараша
2022
"Қазақтың біртуар ұлы - Дінмұхамед Қонаев" шығармашылық байқауының
8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген облыстық "Қазақтың біртуар ұлы - Дінмұхамед Қонаев" шығармашылық байқауының облыстық кезеңінде "Дара тұлға ізімен" тақырыбындағы эссе бағыты бойынша 10 "А" сынып оқушысы Қыдырбек Айсезім ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Асубаева Ф, Қасымов Ғ.
3"Ә"сыныбымен қазақ тілі пәнінен "Түбір мен қосымша" тақырыбында ашық сабақ
22
қараша
2022
3"Ә"сыныбымен қазақ тілі пәнінен "Түбір мен қосымша" тақырыбында ашық
22.11.2022 жылы N5Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясының бастауыш сынып бірлестігі  айлығына сәйкес бастауыш сынып мұғалімі Ж.Байгунусова 3"Ә"сыныбымен қазақ тілі пәнінен "Түбір мен қосымша" тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалім сабақтың мақсатына жету үшін нақты критерийлерін анықтап, білім алушылармен "Ойлан ,жұптас", "Қарбыз жинау, Білім қоржыны" сияқты әдіс-тәсілдерді пайдаланды.Әдіс- тәсілдер білім алушылардың Түбір мен қосымшаны ажырата білуге, шапшаң ойлап, ауызша сұрақтарға
Облыстық "Үздік бастауыш сынып бірлестігі" байқауы
22
қараша
2022
Облыстық "Үздік бастауыш сынып бірлестігі" байқауы
Облыстық "Үздік бастауыш сынып бірлестігі" байқауы. Бастауыш білім беру саласындағы педагогикалық проблемалардың тиімді шешімдерін анықтау, сараптау және тарату, ең үздік бастауыш сынып бірлестігін анықтау мақсатында өткізілген облыстық "Үздік бастауыш сынып бірлестігі" байқауында №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының бастауыш сынып бірлестігі жүлделі ІІІ орынды иеленді. Бастауыш бірлестігін құттықтаймыз!