24
қараша
2022
1"А" сынып жетекшісі А. Суанкулова дүниетану пәнінен "Отбасылық мерекелер" тақырыбында ашық сабақ
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 24.11.2022ж. бастауыш сынып әдістемелік бірлестік айлығының жоспарына сай 1"А" сынып жетекшісі А. Суанкулова дүниетану пәнінен "Отбасылық мерекелер" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты:"отбасындағы мерекелер" ұғымымен таныстырып, оның адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Сабақ барысында "Түймедақ", "Досыңа сыйлық" әдістері пайдаланды. Сондай -ақ, білім алушылар "бата беру", "сүйінші", "ат қою" ұғымдары туралы түсінік алды. Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым - қатынастың маңызын түсінді. Сабақ соңында балалар сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы білдірді.