17
қараша
2022
2"ә" сыныпта қазақ тілі пәнінен "Сөйлем дегеніміз не? " тақырыбында ашық сабақ
17.11.2022 жыл. №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің айлығы аясында 2"ә" сыныпта қазақ тілі пәнінен "Сөйлем дегеніміз не? " тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Диалогқа қатысу, үлгі бойынша қарапайым хабарландыру, хабарлама жазу. Сөйлем түрлерінің айтылу мақсатына қарай қолдану. Сабақ барысында "Менің атым Қожа" атты бейне фильм үзіндісі көрсетіліп, "Қарлы кесек" ойыны арқылы, оқиғаны диалог арқылы рөлге бөліп оқыды. "Ең үздік баскетболшы" тәсілі арқылы сабақта алған білімдерін бекітіп, кері байланыс берді. Жауапты: А. Даулетова