24
қараша
2021
"Адамның дене мүшелерінің қызметі" атты тақырыбында ашық сабағы
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясының бастауыш сынып әдістемелік бірлестік айлығы аясында 1"Ә" сыныбында жаратылыстану пәнінен "Адамның дене мүшелерінің қызметі" атты тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: адам денесінің негізгі мүшелерін және олардың қызметтерін атау. Сабақ барысында "Қозғалыс түрлерін қайтала", "Шыбын өлтіру ", "Сұрақтар ілмегі", "Не істегенді ұнатамын....", "Кім жылдам?" әдісі. "Кел зерттейік " ойыны арқылы білім алушылар адам қаңқасының негізгі дене бөлшектерін жинастырып, қимылдарын күнделікті өмірден мысалдар келтіреді. Тапсырмаларды: "Басбармақ", "Геометриялық фигуралар", Смайл", "Мадақтау" арқылы бағаланды. Кері байланыс "Білім ағашы" арқылы оқушылардың тақырыпты жақсы меңгергені байқалды. Сынып жетекшісі: А.Даулетова