18
қараша
2022
1"Ә" сыныбында математика пәнінен "6 санын қосу және азайту "тақырыбында ашық
N5Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында бастауыш сынып әдістемелік бірлестік айлығының жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімі И.Насипбекова 1"Ә" сыныбында математика пәнінен "6 санын қосу және азайту "тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: 6 санын қосуды және азайтуды үйрену. Мұғалім білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай "Серпілген сауал", "Досыңмен сырлас"," Ойлан, топтас","Кім жылдам?", "Қоянды тамақтандыр", "Шие" сияқты белсенді әдіс-тәсілдерді қолданды. Сабақ барысында қолданған әдіс-тәсілдер білім алушылардың математикалық тілде сөйлеу дағдыларын, ауызша жылдам есептеуге және шапшаң қимылдауға ықпал етті. Білім алушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында смайлик және медаль арқылы бағаланды.