23
сәуір
2026
Ұлттық кітап күніне орай онкүндікте өткізуге ұсынылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес «Балалар кітаптарының әлемі" атты кітап көрмесі
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы кітапханасында 23 сәуір - Ұлттық кітап күніне орай онкүндікте өткізуге ұсынылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес «Балалар кітаптарының әлемі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрме кішкентай оқырмандарды ғажайып оқиғалармен, мейірімді кейіпкерлермен және қиял-ғажайып әлеммен таныстырады. Мұнда классикалық ертегілерден бастап, қазіргі заманғы қызықты хикаяларға дейін жинақталған. Мақсаты: оқушыларды көркем әдебиет оқуға баулу, балалар әдебиетінің тәрбиелік мәнін арттыру, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жауапты: кітапхана меңгерушісі