17
желтоқсан
2025
«Жас қыран» ұйымының мүшелерімен кітапханаға саяхат
2025 жылдың 17 желтоқсанында №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясының оқушылары арасында кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру мақсатында "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру бағытында «Жас қыран» ұйымының мүшелерімен кітапханаға саяхат ұйымдастырылды.
Мақсаты:
– Оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру;
– Кітапхана қызметімен таныстыру;
– Оқу мәдениетін қалыптастыру.
Саяхат барысында оқушылар кітапхана ішін аралап, кітаптардың орналасу тәртібімен, түрлі жанрдағы әдебиеттермен танысты. Кітапханашы Г.Маделиева оқушыларға көркем әдебиеттер, балаларға арналған танымдық кітаптар туралы қызықты мағлұматтар берді. Кітапханаға саяхат оқушылардың рухани дамуына серпін беріп, кітап оқуға деген қызығушылығын оятты. Жас қырандықтар кітаптың адам өміріндегі маңызын түсініп, кітапханаға жиі келуге ниет білдірді.