28
қаңтар
2025
«Асық ату ойыны ұлттық тәрбие көзі» атты әке мен бала арасындағы командалық асық ату жарысы
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Эксперименталды алаң жобасы» аясында ата-аналармен бірлескен «Асық ату ойыны ұлттық тәрбие көзі» атты әке мен бала арасындағы командалық асық ату жарысы ұйымдастырылды. Жарысымыздың ашылуын мектебіміздің директоры Конкабаев Ниеткали Әбдімомынұлы ашып беріп, өз сөзінде асық ату спорт түрі адам денсаулығына тигізер әсері мол екендігіне ерекше тоқталды. Сонымен қатар мектеп директоры атсалысып жатқан әкелерге өз алғысын білдіріп, командаларға сәттілік тіледі. Жарыс олимпиадалық жүйемен ережеге сай өткізілді.
Жарысқа мектебіміздің 4-7 сыныптары арасынан әке мен бала бірлескен он отбасы қатысты, атап айтсақ
1.Темирбеков Қуаныш
2.Айдарбеков Ғабит
3.Рыскелдиев Ғалымжан
4.Дуанаев Рүстем
5.Дуанаев Келіс
6.Тұрсыналиев Қанат
7.Барменкулов Асқарбай
8.Абдибаев Азиз
9.Абдикалыков Ғалымжан
10.Абдикалыков Ғалым отбастары қатысып, әке мен бала арасындағы
командалық жарыс өте тартысы және қызықты өтті. Ақтық ойын нәтижесі бойынша үш отбасы іріктеліп өз алғырлықтарын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша: ІІІ орынды Барменкулов Асқарбай отбасы тақымдаса, ІІ орынды Айдарбеков Ғабит отбасы еншіледі. Әке мен бала командалық асық ату жарысында жеңіс тұғырынан көрінген Дуанаев Рүстем отбасы болды. Осындай мектебімізде ұйымдастырылған әке мен бала арасынадғы асық ату командалық жарысына қатысқан отбасыларына алғысымызды білдіріп, жеңіске жеткен отбасыларын шын жүректен құттықтаймыз.