16
сәуір
2025
"Math Game Fest" тақырыбында танымдық-зияткерлік ойын өткізілді.
эксперименталды алаң жобасы аясында 5 "Ә" сынып білім алушыларының қатысуымен "Math Game Fest" тақырыбында танымдық-зияткерлік ойын өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру, логикалық ойлау дағдыларын дамыту, зияткерлік қабілеттерін жетілдіру және командалық жұмыс дағдыларын нығайту болды. Ойын барысында білім алушылар әртүрлі математикалық тапсырмалар орындап, ұжымдық талқылау арқылы шешім қабылдады. Әр команда өзінің ынтымақтастығын, ой ұшқырлығын және білім деңгейін көрсетуге мүмкіндік алды. Белсенділік танытқан және нәтижелі жұмыс жасаған команда жеңімпаз атанып, марапатталды.Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды және оқушылардың қызығушылығы мен белсенді қатысуымен ерекшеленді.
Пән мұғалімі: А. Ермекова
Пән мұғалімі: А. Ермекова
