31
қазан
2025
«Дарынды бала мен цифрлық интеллект:шығармашылық дамудағы жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында педагогтерге арналған коучинг сессия
2025 жылдың қазан айында экперименталды алаң бағдарламасының ғылыми жетекшісі Турдалиева Шолпан Тұрсынбаевна мектеп педагогтарымен «Дарынды бала мен цифрлық интеллект:шығармашылық дамудағы жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында педагогтерге арналған коучинг сессиясы өткізді. Іс-шараның мақсаты – цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын қарастыру болды. Коучинг барысында қатысушылар цифрлық интеллекттің білім беру жүйесіндегі рөлімен танысты, сондай-ақ шығармашылық ойлауды дамытатын платформалар мен құралдарды қолдану әдістерін талқылады.Практикалық бөлімде мұғалімдер оқушылармен жүргізілетін нақты тапсырмалар, цифрлық жобалар үлгілерімен жұмыс жасап, тәжірибе алмасты. Коучинг қорытындысында педагогтерге әдістемелік ұсыныстар беріліп, дарынды оқушылардың шығармашылығын арттыруға бағытталған цифрлық идеялар банкі қалыптастырылды. Іс-шара заманауи педагогикалық тәсілдерді жетілдіруге және шығармашыл тұлға тәрбиелеуге бағытталды.
