16
қазан
2025
«AR арқылы көркем галерея жасау»
16 қазан 2025 жылы Экперименталды алаң жоспарына сәйкес технология пәнінің мұғалімі Бекасилов Е. 8 сынып оқушыларымен «AR арқылы көркем галерея жасау» тақырыбында жоба ұйымдастырды.Оқушылар технология сабағында цифрлық дағдыларын , шығармашылық қабілеттерін және визуалды ойлауын дамытуға бағытталған жобалар жасады .Жоба барысында оқушылар AR технологиясын пайдалана отырып, жеке және ұжымдық көркем галереяларын құрастырып өзіндік шығармашылық жобаларын таныстырды.AR әдісі оқушылардың эстетикалық талғамын, ақпараттық технологияларды игеруін және шығармашылық еркіндігін дамытты.