06
қараша
2025
"Ауылды өзгерт" жобасы
2025 жылдың 6 қараша күні жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен "Ауылды өзгерт" жобасы аясында 5-11 сыныптар арасында мектебіміздің білім алушылары Бейсен Айсезім мен Мейірбек Саян ауылды көркейту, инфрақұрылымды жақсарту, жергілікті ресурстарды тиімді пайдалану және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бейнероликтар мен таныстырылымдарын байқауға ұсынып, инновациялық идеялар мен технологияларды енгізу арқылы ауылды көркейтуге болатын жобаларын ұсынды. Байқау соңында мектебіміздің білім алушылары диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Құттықтаймыз!