02
наурыз
2026
Викторина В.Распутиннің "Уроки английского" әңгімесі
Эксперименталды алаң жобасына сәйкес "Великие писатели О доброте и человечнос и" тақырыбында 9 сыныптар арасында викторина өткізілді. Викторина В.Распутиннің "Уроки английского" әңгімесі негізінде ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты- оқушылардың шығарманы терең түсінуіне ықпал ету, кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы мейірімділік, жанашырлық, адамгершілік сияқты асыл қасиеттердің мәнін ұғындыру.
Викторина барысында оқушылар шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, кейіпкерлерге мінездеме жасап, негізгі тақырыпты талдады. Сонымен қатар, ұстаз бен оқушы арасындағы сыйластық, қиындықты жеңудегі табандылық пен шынайы қамқорлық тақырыптары кеңінен қозғалды.
Шара оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, рухани- адамгершілік құндылықтарын бағалауға тәрбиелеуге бағытталды.