13
желтоқсан
2022
«Елім егемендікке қалай қол жеткізді, қандай тарихи кезеңдерді бастан өткізді?» тоғызқұмалақ ойынынан жарыс
Желтоқсан айының 13 жұлдызында №5 Ақарал ЖОББ мектеп гимназиясында "Тәуелсіздік тұғырым" атты ұлттық спорттық жарыстар өткізілді.
Тәуелсіздік - ту етер, Тәңір сыйлаған жаныма жақын, құлағыма жұмсақ естілетін, естігенде жұдырықтай жүрегімді қуаныш кернейтін тәтті ұғым, елімнің басына қонған бақ құсы. «Елім егемендікке қалай қол жеткізді, қандай тарихи кезеңдерді бастан өткізді?» деген сұрақтарға жауапты төл тарихымызбен танысу арқылы көз жеткізіп,оқушылардың елімізге, жерімізге деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында тоғызқұмалақ ойынынан жарыс өтті. Жарыс 2,3,4,5,6 сынып оқушыларының аралығында ойнатылды. Жарыста І орын Нұрмаханбет Мәриям 2"А", II орын Дуйсенбай Еркежан 7"А" , III орын Аман Айым 7"А" және Токтосун Аяна 6 "Ә" оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Жарыс тартысты, жоғары дәрежеде өтті.