Хабарландыру
Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақарал ауылы Сейтімбет көшесі 15 мекен жайында «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «№5Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ орналасқан, телефон нөмірі: 87263254484, электрондық пошта: akaral-school5@yandex.kz
Негізгі функционалдық міндеттері: Бейінді оқытуды қолданбалы және элективті курстардың бағдарламаларын әдістемелік-бағдарламалық қолдауды қамтамасыз етеді. Жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектепті бітірушінің қорытынды білім беру рейтингін жасайды.
Бейінді оқыту, әртүрлі деңгейлі бағдарламарды енгізу бойынша білім беру ұйымдарының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады.
Педагогтердің кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін алдыңғы қатарлы педагогикалық озық іс-тәжірибені тарату бойынша, оқушыларды диагностикалау жүйесін, бейінді оқыту шеңберінде оқушылар мен ата-аналарға кеңес беру мазмұнын әзірлеуде,
педагогтердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруға инновациялық технологияларды ұйымдастыру және сынау бойынша үйлестіреді.
бос лауазымның атаулары:
Мектеп директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары, тұрақты, 1 жүктеме, еңбекке ақы төлеу мөлшері: 210000 теңге
оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша "педагог – сарапшы" немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – мастер" біліктілік санатының болуы.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.09-21.09.2022ж аралығында.
Қажетті құжаттар тізбесі мектеп сайтында жарияланған