31
наурыз
2025
1 сәуірден бастап БІРІНШІ СЫНЫПҚА құжаттарды қабылдау
1 сәуірден бастап БІРІНШІ СЫНЫПҚА құжаттарды қабылдау басталады.
2025-2026 оқу жылына оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталып, 31 тамызда аяқталады.
Балаларды мектепке қабылдау тәртібі 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрықпен бекітілген Үлгілік қағидаларда айқындалған. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Заңына сәйкес лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Барлық балалар, дайындық деңгейіне қарамастан, тең мүмкіндіктерге ие болады.

Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

1)ата-ананың өтініші;
2)баланың 3х4 көлеміндегі 2 фотосуреті.
4) 065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат
4)«Бала денсаулығының паспорты» 052-2/у нысанды анықтама.

• микроучаскеге байланысты автоматты түрде мектепті таңдау қарастырылған.
• сынып жинағы автоматты түрде қалыптасады;
• білім беру ұйымымен келісім-шарт «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта жасалатын болады (бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықтан кейін ата-анаға білім беру ұйымымен отыруға келісім-шартқа танысу және қол қою үшін СМС хабарлама келеді. Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады).
