Ақпарат » Страница 7 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Страница 7
Ақпараттық-сессия форматында жалпы ата-аналар жиналысы
02
сәуір
2022
Ақпараттық-сессия форматында жалпы ата-аналар жиналысы
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп гимназиясында 2 сәуір күні  ақпараттық-сессия форматында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында ата-аналарға мектеп директоры,  директордың орынбасарлары  мектепте атқарылып жатқан іс-шаралар, жобалар аясында мағлұматтар берілді. Соның ішінде "Оқуға құштар мектеп" жобасына ерекше тоқталып, ұйымдастырылып жатқан іс-шаралармен, түрлі байқаулармен таныстырды. 
1 СӘУІРДЕН БАСТАП БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА ЖҮРГІЗІЛЕДІ
28
наурыз
2022
1 СӘУІРДЕН БАСТАП БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА
1 СӘУІРДЕН БАСТАП БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА ЖҮРГІЗІЛЕДІ Бірінші сынып оқушыларының құжатын қабылдау 2022 жылдың 1 сәуірінде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап аудан мектептерінде 2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау үрдісі басталады. Білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз
МЕКТЕПТЕ  ПЕДАГОГ  ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАУ БОЙЫНША  КОНКУРСТЫҚ  КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ
19
қаңтар
2022
МЕКТЕПТЕ ПЕДАГОГ ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАУ БОЙЫНША КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ
 МЕКТЕПТЕ  ПЕДАГОГ  ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАУ БОЙЫНША  КОНКУРСТЫҚ  КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ Педагогтердің мәртебесін арттыру мақсатында  2022 жылдың  5 қаңтар күні мектебімізде , «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы                                  21 ақпандағы № 57 бұйрығына (ҚР Білім және ғылым министрінің                              
«Оқы және өзгеге сыйла» қағидатына негізделген қарапайым әрекеттен тұратын Bookcrossing (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі») іс-шарасы
13
желтоқсан
2021
«Оқы және өзгеге сыйла» қағидатына негізделген қарапайым әрекеттен
13.12.2021жыл. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында мектебімізде өскелең ұрпақтың кітап пен кітапқа көзқарасын жақсарту және «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында «Оқы және өзгеге сыйла» қағидатына негізделген қарапайым әрекеттен тұратын Bookcrossing (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі») іс-шарасы өткізілді. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (кітапхана, асхана, дәліз, спорт зал ....т.б) қойып кете алады,
«Сыйлыққа кітап» акциясы
11
желтоқсан
2021
«Сыйлыққа кітап» акциясы
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз. Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін ескере отырып, №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп -гимназиясының  кітапханасы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша «Кітапхана-Оқырман елі»
14
қазан
2021
«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша «Кітапхана-Оқырман елі»
Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7  ЖББМ «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша «Кітапхана-Оқырман елі» Анықтама «100 кітап» жобасы,  оқушы қазақ әдебиетінің,әлем         классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқу керек   виртуалды көрме туралы  хабарлама Өткізілген күні: 14.10.2021ж. Өткізілген орны: мектеп кітапханасы Қатысқандар: 1 –11 сыныптар Мақсаты: «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру  «100 кітап» жобасының мақсаты-оқушыларға қазақ әдебиетінің,әлем
"IQanat білім қоры" қоғамдық қорының Республикалық "IQanat" олимпиадасы
13
қазан
2021
"IQanat білім қоры" қоғамдық қорының Республикалық "IQanat"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2021 жылғы  18 тамыздағы №02-4687 хаты негізінде, Меркі ауданының білім бөлімінің 20.08.2021ж.  №1092 бұйрығына сәйкес "IQanat білім қоры" қоғамдық қорының Республикалық "IQanat" олимпиадасының ағымдағы жылдың 4 қараша күні өтетін  аудандық І кезеңіне алғашқы рет қатысатын  №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп - гимназиясының 8 - сынып білім алушылардың қатысушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, пән мұғалімдеріне дайындық жүргізуді күшейту
"Шебер қолдар" үйірмесі
20
қыркүйек
2021
"Шебер қолдар" үйірмесі
№5 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында "Шебер қолдар" үйірмесі 5-6 сыныптар арасында өз жұмысын жүргізуде. Үйірме мақсаты: Оқушылардың шығармашылық жұмыспен айналысуына ықпал ете отырып, ұмыт болып бара жатқан салт - дәстүрімізді, мәдени - мұраларымызды, сәндік - қолданбалы өнерімізді жаңартуға баулу, көркем сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жобалау және жасау әдіс - тәсілдерін үйрету. Жетекшісі: Барменкулов А. 
“Эко мектеп“ үйірмесі
20
қыркүйек
2021
“Эко мектеп“ үйірмесі
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясында "Менің эко -мектебім" жобасы аясында жас ұрпақты табиғи ресурстарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында 8 сынып білім алушыларымен “Эко мектеп“ үйірмесінің жұмысы жүргізіліп, нәтижесін көрсетуде. Үйірме жетекшісі : А.Мұрат  
"Тоғызқұмалақ" үйірмесі
20
қыркүйек
2021
"Тоғызқұмалақ" үйірмесі
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында 2021-2022 оқу жылында "Салауат" жобасы аясында балалардың ойлау қабілетін, санасын, назарын, шығармашылық қиялын, байқағыштығын ой желісінің дәлде алыстан болжау қасиетін дамыту мақсатында "Тоғызқұмалақ" үйірмесі 3-6 сыныптар арасында өз жұмысын бастады. Жетекшісі: Айдабосынов Б.