06
наурыз
2023
2021-2022 оқу жылыдағы ББЖМ талдауымен ұжымды таныстыру
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі білім беру ұйымдарынан тәуелсіз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім алушылардың білім сапасын жүйелі бақылау болып табылады. Білім беру сапасын ұлттық және халықаралық зерттеулерде білім алушылардың неғұрлым жоғары нәтижелеріне қол жеткізу жөніндегі шаралады іске асыруды қамтамсыз ету үшін білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингілеу нәтижелері бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алып, нәтижелер бойынша талдау жасап, жұмыс жүргізу.
2021-2022 оқу жылында ББЖМ-ге жалпы Меркі ауданы бойынша 17 мектептің 1089 білім алушысы, 4 сыныптардан 572 білім алушы және 9 сыныптардан 517 білім алушы қатысқан. Соның ішінде біздің мектептен 86 білім алушы, 4 сыныптардан 39 және 9 сыныптардан 47 білім алушы қатысты. ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқыту тілінде үш бағыт (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша жүргізілді. Ал 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, оқыту тілінде екі бағыт (математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша, орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде – бір бағыт (оқу сауаттылығы) бойынша жүргізілді. ББЖМ нәтижелерін талдай келе, 4 сыныптардың жинаған орта балы 21,00 балл, ал 9 сыныптардың орта балы 53,43 балл болды. Жүргізілген пәндер бойынша 4 сыныптарда математикалық сауаттылықтан - 8,27 балл, оқу сауаттылығы - 7,19 балл, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – 5,62 балл, ал 9 сыныптарда қазақ тілі – 21,54 балл, орыс тілі - 20,54 балл, биология - 5,68 балл, физика – 5,18 балл, химия - 5,16 балл, география – 5,26 балл. Бұл нәтиженің барлығы біздің білім алушыларымызға әлі де пәндер бойынша дайындықты күшейту керек екенін білдіреді. ББЖМ-ның байқауында мұғалімдердің білім алушыларының тест бойынша білмеген , жіберген тақырыптық қателері бойынша тақырыптық талдаулар, қалыс қалған бөлімдер мен тақырыптар бойынша жұмыс жүргізу керек. Сонымен қатар білім алушылардың ойлау қабілеттерінің дамуына бағытталған оқу – тәрбие үрдісінің сапалы көрсеткіштерімен, пәндерден алған білімдерін жүйелі түрде қайталап, нығайтуларына көмек көрсету, ой-өрісін, белсенділігін, қызығушылығын, шығармашылық ізденістерін ояту; пән бойынша тақырыпқа ынта қоюға, оның мақсатын, мазмұнын, болашағын түсініп, іс жүзінде асыра білуге дағдыландыру қажет екендігі туралы айтылды