31
қаңтар
2022
"Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары
Биылғы 2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылдың 5 - мамырдың №204 бұйрығымен "Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларына" сәйкес 4, 9-шы сынып оқушылары кешенді тестілеу ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдана отырып жүргізілетін болады. Ағымдағы жылдың 28 - 29 қаңтар күндері №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ "Білім туралы" ҚР Заңының 55 бап, 4 - тармағына сәйкес онлайн форматта 4 - ші және 9 - шы сыныптарда дайындық жұмыстары жүргізілді. Ustudy аймақтық тестілеу орталығы ұсынған әр нұсқалар бойынша сынама тест тапсырмалары орындалды. Тестілеу өту кезінде калькуляторды, анықтамалық әдебиетті, электрондық құрылғыларды ( оның ішінде мобильді телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды) пайдалануға рұқсат етілмейтіні түсіндірілді. 4, 9 сыныптар үшін математикалық, жаратылыстану - ғылыми мен оқу сауаттылығы (орыс, қазақ және ағылшын) үш тілде жүргізілетіні айтылды. Жауапты: директордың ғылыми - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Р. Бабижанова