ҰБТ туралы 11 сынып білім алушыларымен және олардың ата-аналарымен өткізілген түсіндерме жұмыстары туралы хабарлама
2021 жылдың 12 мамыр күні 11 сынып білім алушыларымен олардың ата-аналарымен ҰБТ туралы түсіндірме жұмыстары өткізілді. Күн тәртібінде мынандай мәселелер қаралды:
- Электрондық форматтағы Ұлттық бірыңғай тестілеу ережесімен таныстыру туралы;
- ҰБТ-дегі тыйым салынған заттар мен қатаң ескертулер туралы;
- Тараз қаласында орналасқан ҰБТ тапсыруға ниет білдірген білім алушының жол қауіпсіздігі туралы;
Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлерге тапсыру мерзімдері 2021жылғы мамыр мен маусым аралығында болады (яғни 2 мүмкіндік беріледі). ҰБТ-дағы ең жоғары нәтижесімен білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік беріледі. ҰБТ сертификатын тестілеу нәтижесін жеке кабинетіңіз арқылы немесе https://certificate.testcenter.kz/search сілтемесі арқылы (ЖСН мен ТЖК-ны тере отырып) көруге болады. Тест тапсырмалар саны – 120, балдары – 140. Қазақстан тарихы – 15, математикалық сауаттылық – 15, оқу сауаттылығы – 20, 1 және 2 бейіндік пәндерінен – 35 тапсырма болатынын білесіздер. Тестілеу уақыты – 240 минут.
ҰБТ-дегі тыйым салынған заттар: ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез-келген байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер); радио-электрондық байланыстың барлық түрлері, оның ішінде (Wi-Fi, Bluetooth, Dect, 3G, 4G, 5G); ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер); смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар; шпаргалкалар, оқулықтар және әдістемелік құралдар; калкуляторлар;
Сонымен қатар өте қатал ескертулер: әр білім алушы адалдық қағидаттарды ұстануы керек. Яғни әр білім алушы өз біліміне сеніп тапсыруы керек; ешқандай да алаяқтыққа жол бермеуге, тест кезінде ешкімнен көмек сұрамауға, сөйлесуге; орнынан тұрып кетуге болмайтындығы туралы ескертілді. Апелляцияға тест тапсырмаларының мазмұны бойынша өтініш тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут аралығында берілетіндігі туралы айтылды.