11 «А» сынып бойынша ата-аналар жиналысы » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » » 11 «А» сынып бойынша ата-аналар жиналысы
17
қаңтар
2022

11 «А» сынып бойынша ата-аналар жиналысы

№5 Ақарал жалпы орта  білім беретін мектеп-гимназиясы
11 «А» сынып бойынша ата-аналар жиналысының
Хаттамасы
17 қаңтар  2022 жыл
Қатысқаны: 20
Өткізілген орны:   №5 Ақарал ЖОББМГ
Күн тәртібінде:
  1. Ұлттық Бірыңғай Тестілеу - 2022
Тыңдалды: 
1. 11- сынып жетекшісі А. Джадраев:
Баршамызға  белгілі қазіргі күні қаңтар айындағы ҰБТ- ге тіркелу жүріп жатыр.   Қаңтар айындағы ҰБТ-ға  тіркелу жалпы 24.12-05.01.22 аралығында ашылған болатын, еліміздегі жағдайға байланысты және талапкерлердің мүдделерін ескере отырып   тіркелу мерзімі ұзартылды, яғни 21.01.22 дейін тіркелу ашық.  Және де   барлық аймақ бойынша 21-22 ақпан күндеріне қосымша тіркелу күндері ашылғаны туралы ата-аналармен оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ҰБТ-ны өткізу мерзімі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығынан  25 қаңтар мен 22 ақпанға ауыстырылды. 11 «А» сыныпта жалпы оқушы саны 21. Оның ҰБТ-ҒА тіркелгені 20 оқушы. 26.01.22-1 оқушы, 31.01.22-5 оқушы, 01.02.22-11 оқушы тіркелді. Тапсыратын уақыттары 14.30. Тараз қаласы. 16.02.22-3 оқушы, 14.30 Шу ауданы.
2022 жылы ҰБТ форматында қандай өзгерістер болады деп күтілуде?
1) Тестілеу "бір тестіленуші – бір компьютер – екі камера" қағидаты бойынша өткізіледі (бұған дейін бір камера). Оқуға түсушінің жұмыс орнында негізгі камерадан басқа, тестіленушінің дыбысын жазу және қозғалысын тіркеу үшін қосымша алдыңғы веб-камера орнатылады.
2) Тестілеу кезінде электр қуаты ажыратылған жағдайда немесе тестілеу жазбасы  жүргізілмейтін басқа да форс-мажорлық жағдайларда, тестілеуді тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт жасалатыны да айтылды. 
3) Мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) тестілеуге қосымша 40 минут уақыт беріледі;
4) Қазақстан тарихы пәні тест тапсырмаларының құрамына контекс мәндегі тест тапсырмалар енгізілді (2021 жылы олар тек бейіндік пәндерде болды);
5) Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілер үшін тестілеу ұзақтығы өзгертілді, тестілеу уақыты - 70 минут (бұрын 65 минут). ҰБТ-2022 аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың соңына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе басқа да бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, оқуға түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады. Тестілеуге қатысу өз қалауымен. Тестілеу құны- 5640 тг. Әр тестілеуге қатысам деушілер өтініштерді  ҰТО сайтындағы https://app.testcenter.kz/    жеке кабинет арқылы онлайн режимде бере алады.  Тестіленушілер тестілеу күнін және орынын өздері таңдайды. Барлық мәліметтер өтініш берушінің жеке кабинетінде (Менің іс-әрекетім) қолжетімді болады. Сондықтан тіркелу барысында көрсетілген почтаңыз яғни логин мен құпия сөзді сақтап қою   туралы түсіндірілді.
Тестілеу уақыты –  240 минут(4 сағ). Тестіленушілер дәстүрлі түрде 3 міндетті пәнді   (Қазақстан тарихы, математикалық сауттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пәнді тапсырады. Тест тапсырмалар   саны -120. Жоғары балл саны-140. 
Оқу сауаттылығы -20
Математикалық сауаттылық-15
Қазақстан тарихы – 15
Бейіндік пәндер – 35.
ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі.Жоғарыдағы кестеде ҰБТ-ға қатыса алатын категориялар тізімі берілген.  ҰБТ 2021 жылдан бері электронды форматқа көшті, ең алғашқы электронды форматтағы ҰБТ 2021 жылдың наурыз айында басталған болатын. Электронды формат бұл онлайн емес, яғни ҰБТ өткізу пункттерінде (ҰБТӨП) компьютерді қолдана отырып өткізіледі.Электронды форматтағы  ҰБТ –ның артықшылығы:
•Тестілеу күнін  өзі таңдау мүмкіндігі;
•Тестілеу нәтижесі тестілеу аяқталған соң бірден беріледі;
•Алдыңғы тест  тапсырмаларына таңдалған жауаптарды қайта өзгерту мүмкіндігі;
•Апелляцияға мазмұны бойынша өтініштер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану және басқа бұзушылық фактілер анықталған жағдайда тестіленушінің ҰБТ нәтижелері жойылатыны айтылды.  Осы ретте тестілеуді тапсыру кезінде ашықтық қағидатын қамтамасыз ету маңызды.        Электронды форматтағы ҰБТ өткізу   барысында  USTADY орталығының  аймақтық тестілеу орталықтарында (АТО) барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, карантиндік шектеулер сақталатыны жайлы ата-аналарға түсіндірілді.Бұл тестілеуге жоғарғы оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін   қатысады. Яғни қаңтар, наурыз және тамыз айындағы ҰБТ нәтижесімен  тек ақылы негізде оқуға түсе алады. Тестілеуге алып өтуге тыйым салынған заттар: ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛДАРЫН (ПЕЙДЖЕР, ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДАР, ПЛАНШЕТТЕР) НОУТБУКТЕР, ПЛЕЙЕРЛЕР, МОДЕМДЕР (МОБИЛЬДІ РОУТЕРЛЕР) РАДИО-ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ КЕЗ-КЕЛГЕН ТҮРЛЕРІ (WI-FI, BLUETOOTH, DECT, 3G, 4G, 5G) СЫМДЫ ЖӘНЕ СЫМСЫЗ ҚҰЛАҚҚАПТАР  МЕН Т.Б.  ШПАРГАЛКАЛАР, ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕР, МЕНДЕЛЕЕВ КЕСТЕСІ ЖӘНЕ ТҰЗДАРДЫҢ ЕРІГІШТІГІ КЕСТЕСІ КАЛЬКУЛЯТОРЛАР тестілеуге алып өтуге тыйым салынатыны түсіндірілді. (Бұл ретте тестілеу өткізілетін компьютердің интерфейсіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі)
Пән мұғалімдерінің ҰБТ ге дайындық бойынша кеңес беру кестесі апта бойынша  жасалып, жүргізілуде.
Шешім: 
1. Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелген мерзімге сәйкес оқушылардың қатысуын қамтамасыз ету ата-аналардың назарына алынсын.
Мектеп-гимназия директоры:                                           Н. Койшиманова


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив