11 «А» сынып бойынша ата-аналар жиналысы
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы
11 «А» сынып бойынша ата-аналар жиналысының
Хаттамасы
25 желтоқсан 2021 жыл
Қатысқаны: 20
Өткізілген орны: №5 Ақарал ЖОББМГ
Күн тәртібінде:
- 2021-2022 оқу жылындағы ҰБТ қағидасымен таныстыру
Тыңдалды:
1. 11- сынып жетекшісі А. Джадраев:
- 2021 жылғы ҰБТ-дің форматы бойынша тестілеу үш міндетті және екі бейінді пәндер бойынша өткізіледі. Міндетті пәндер: Математикалық сауаттылық -15 балл, Қазақстан тарихы-15 балл, оқу сауаттылығы -20 балл. Ал екі бейіндік пән таңдау пәндер бойынша.ҰБТ бойынша ең жоғарғы балл-140 балл, тестілеу уақыты – 240 минут. Бейіндік пән кезінде контекст негізіндегі тапсырмалар келеді. Контекст - бұл проблемалық жағдаяттағы сұрақтың шешімдеріне сілтеме жасалатын тақырып аясы. Тыйым салынады: ұялы байланыс құралдарын, оқулықтар, шпаргалкаларды және калькуляторды қолдануға. Сөйлесуге орын ауыстыруға, тестілеу материалдарымен алмасуға, тестілеу материалдарын аудиториядан шығаруға. 2021 жылы компьютерлік форматтағы ҰБТ-ы әрбір тестіленуші үшін дербес компьютерді пайдалану арқылы жүргізілетін тестілеу (бір компьютер-бір камера принципі бойынша). Тестілеу аяқталғанан кейін тестіленушінің нәтижесін бірден беру. Медициналық санитарлық шаралар қатаң сақталады. Айта кететін тағы бір жағдай ҰБТ- компьютерлік форматта өтетін болғандықтан, аудан көлемінде ҰБТ-тапсыруға арналған арнайы жабдықталған компьютерлік кабинеттердің болмауынан тестті тапсыру облыстық филиалда өтетіндігі хабарланды.
2. Сонымен қатар, қаңтар ҰБТ тіркелу мерзімі - 24 желтоқсан-5 қаңтар аралығында болатындығы, қаңтар ҰБТ тапсыру құны - 5640 тг және қаңтар ҰБТ тапсыру мерзімі - 10 қаңтар-10 ақпан өтілетіні таныстырылды. Қаңтар ҰБТ қатысу, қатыспау ӨЗ ЕРКІҢІЗДЕ. Қаңтар ҰБТ баллымен университетке АҚЫЛЫ (платный) оқуға түсе алуы туралы айтылды.
Алдыңғы жылы аудиторияда тек камерамен бақылау болса, енді осы жылы дыбыстар мен дауыстар да жазылатын микрофон қосылғаны ескертілді. Яғни аудиторияда отырып жаныңыздағылардан көмек сұрай алмайтыны, сондықтан тек өз тестіңізге ынта қойып тапсыру керектігі айтылды.
- Оқу жылының басындағы жасалған қосымша сабақ кестесіне сәйкес оқушылардың дайындалу сабақтарын уақытылы қатысылуы ата-аналардың тарапынан қадағалану керектігі туралы ескертілді.
Пән мұғалімдерінің ҰБТ ге дайындық бойынша кеңес беру кестесі апта бойынша жасалып, жүргізілуде.
Шешім:
1. Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелген мерзімге сәйкес оқушылардың қатысуын қамтамасыз ету ата-аналардың назарына алынсын.
Ата-аналар комитетінің төрайымы: М. Бегасилова
Хатшы: Ш. Ермаханбетова