24
сәуір
2021
«Спорт – бақытқа бастар жол» тақырыбында педагогтарды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясында ағымдағы жылдың 24.04 күні дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Өнерлі ұрпақ – салауатты өмірдің жарқын болашағы» айлығы аясында педагогтар арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Спорт – бақытқа бастар жол» тақырыбында педагогтарды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында эстафеталық жарыс өткізілді. Жарысқа мектеп ұжымынан 6 (алты) команда жасақталып, белсенділік танытты. Жарыс қортындысында әділ қазылар алқасының шешімі бойынша 1-орын иеленген ағылшын және орыс тілі бірлестігінен жасақталған «СПОРТ STARS», 2-орын иеленген бастауыш бірлестігінен жасақталған «САМҰРЫҚ», 3-орын иеленген АӘД, технолдогия, музыка және дене шынықтыру бірлестігінен жасақталған «САЛАУАТТЫ ҰЖЫМ» командалары жеңіске жетті.