05
мамыр
2021
"Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс" тақырыбында сынып сағатты
№5 Ақарал ЖОББМГ 05.05.2021жылы 9 - мамыр Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай 3"А сыныбында "Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс" тақырыбында сынып сағатты өтті. Болашақ ұрпақтың Ұлы Отан соғысы жылдары ата - бабаларымыздың асқан ерліктерін, қажымас еңбектерін ұмытпай, олардан үлгі алып, өз еліне, өлкесіне сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту мақсатында Жеңіс жолында Отан үшін күрескен майдангерлер туралы мәліметтер берілді. Сынып сағаты мектебіміздің мұражайына саяхатпен ұласты. Онда ауылымыздың соғыс ардагерлері Қыздарбеков Тұрлығұл және Қаныбетов Спан аталарымыз туралы шөбересі Қазбек Алихан таныстырды. Сынып жетекшісі :А. Суанкулова
