25
мамыр
2021
"Аттандық бала шақтан болашаққа", "Тәуелсіз елдің ұланымыз тақырыптарында бастауышпен қоштасу сынып сағаттары
25.05.2021 ж N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 4"Ә", "Б" сыныптарында "Аттандық бала шақтан болашаққа", "Тәуелсіз елдің ұланымыз тақырыптарында бастауышпен қоштасу сынып сағаттары өтті. Мақсаты: бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу; әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Сондай-ақ, білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Сабақ барысында оқушылар 4 жыл бойы алған білімдерін ортаға салып, өз өнерлерін көрсетті. Мектеп, ұстаз туралы өлеңдер оқып, әндер айтты. Алғаш қолдарына қалам ұстатып, әріп танытқан ұстаздарына ыстық лебіздерін білдірді.
Сынып жетекшілері: Ш. Ермаханбетова, Г. Садирмекова