09
қазан
2021
Қазақтың дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру
«Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ұйымдастырған «Ұлы дала өркениеттері» байқауына №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 5-10 сынып білім алушылары ұмытылып бара жатқан қазақтың дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету мақсатында "Дәстүр мен ғұрып" ұлттық дәстүрлерін насихаттайтын театрланған қойылым бағыты бойынша "Балаға ат қою» дәстүрі бойынша көрініс қойды.