31
наурыз
2022
Республикалық lQanat олимпиадасының ІІ облыстық кезеңі
2022 жылы 31 наурыз күні ауыл мектептеріне арналған білім беру бағдарламасы аясында білім алушылардың табиғи дарыны мен бейімділгін анықтау мақсатында №9 В.Савва атындағы жалпы орта мектеп-лицейі базасында Республикалық lQanat олимпиадасының ІІ облыстық кезеңі өткізілді. Екінші кезеңде біздің №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 8а сынып білім алушылары, олимпиада қатысушылары Н.Ибраим, М. Сәпи мен Н. Сайлау іріктеуден өтіп, 1-кезеңнің қорытындысы бойынша басым болған екі топтың бірі бойынша тест тапсырды. Яғни Н. Сайлау қоғамдық - гуманитарлық, ал М. Сәпи мен Н. Ибраим жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша тапсырмаларды орындады. Олимпиада қорытындысы бойынша республикалық кезеңге өткен білім алушылар Бурабай қаласындағы IQanat мектебіне қабылданатын болады. Білімді жастарға - жарқын болашақ!!!