04
мамыр
2022
"Ұранды ердің - ұрпағы қайсар" тақырыбында іс-шара
"Патриот" айлығы аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына, ҚР-ның Қарулы Күштерінің 30 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне орай "Ұранды ердің - ұрпағы қайсар" тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға тыл ардагері Күрішбаева Тұрсын әже, Меркі ауданы Желтоқсан ұйымының төрайымы Тоғызбаева Айнұр ханым, Меркі ауданы Ауған соғысы ардагерлер ұйымының төрағасы Шолпанқұлов Ержан мырза және Меркі ауданы бойынша шекара басқармасының әскери қызметшілері аға лейтенант Мұсабаев Диас Әуезұлы және ефрейтор Естемес Серік құрметті қонақ болып келіп, мерекелік концерт барысында білім алушыларға азаматтық позиция, патриоттық сезім туралы сөз сөйлеп, ізгі тілектер айтылды. Іс-шара білім алушылардың мерекеге арналған ән, би, көріністерімен ұласып, Тұрсын әже ақ батасын берді.
Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында. Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз. Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз! Іс-шара ұйымдастырушылары: АӘжТД пәні мұғалім-ұйымдастырушы Е.Қазыбаев және музыка пәні мұғалімі Д.Ақжол