18
қаңтар
2023
«Қауіпсіз ғаламтор», «Кибербуллинг зардаптары», «Маған өмір қымбат» тақырыптарында 5-11 сынып білім алушылармен тәрбие сағаттары
Оқушылар пікір таластыра отырып, ұялы телефонның зиянды және пайдалы жақтары жөнінде білімдерін жетілдіру, өз ойларын тұжырымдап айта білуге, жан-жақты іздене білуге, өз пікірін фактілер келтіре отырып, жүйелі айтуға және пікірін дәлелдей білуге, өзіне деген сенімін арттыруға ықпал ету мақсатында «Қауіпсіз ғаламтор», «Кибербуллинг зардаптары», «Маған өмір қымбат» тақырыптарында 5-11 сынып білім алушылармен тәрбие сағаттары өтілді.
ЕСКЕРТЕ КЕТЕЙІК:
Ғалымдардың зерттеуінше ұялы телефон балалардың денсаулығына кері әсер етеді екен.
Есте сақтау қабілеті нашарлайды.
Танымдық қабілеті төмендейді.
Бойды сүлесоқтық пен бойкүйездік билейді.
Балалардың көбісі ашушаң, шаршауық, жүйкесі тез құриды.
Ал ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді.
Құрметті білім алушылар! Ұялы телефонды КІТАППЕН алмастырайық
"Кітап оқып, зейініңді аш"