13
сәуір
2023
«Мектептегі білім алушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға» бағытталған
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясы Меркі ауданының білім бөлімінің жылдық жоспарына сай білім алушылар арасында келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында «Мектептегі білім алушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға» бағытталған сәуір айында айлық өткізілуде. мектеп психологтары Р. Молдобекова, Ж. Черембаева білім алушыларға айлықтың өткізілуі туралы хабардар етіп, өмірге деген көзқарастарын, құлшыныстарын арттыру мақсатында кеңестер берді. Сонымен қатар білім алушылар өмір туралы өз ойларын білдірді, өз сөздерінде өмірдің әр бір сәтін қадірлеп, әр бір күнімізді қуана қарсы алып, жақсы өткізуіміз керектігін айтты. Жоспарға сәйкес кәмелетке толмаған жасөспірім 6 - 8 сынып білім алушылар арасында З.Королеваның аяқталмаған сурет әдістемесі, 9 - 11 сынып білім алушылары арасында конфликтік жағдайда мінез – құлық стилін анықтау мақсатында Томас – Килман әдісі жүргізілді.