28
қараша
2023
"Тұлғаның ақпараттық психологиялық қауіпсіздігі" тақырыбында профилактикалық іс-шаралар
"Балалар-интернет-медиа қауіпсіздік" жоспарына сәйкес №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру мақсатында мектеп психологтары Р. Молдобекова, Ж.Черембаева бастауыш сынып білім алушыларымен "Тұлғаның ақпараттық психологиялық қауіпсіздігі" тақырыбында профилактикалық іс-шаралар өткізді. Іс-шара барысында интернеттің пайдасы мен зиянды жақтары туралы толық айтылып, қауіпті психологиялық имунитет қалыптастыру жолдары мен қауіпсіздік туралы айтылды.