29
қараша
2024
«Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда» атты ұранымен қол күрес және асық ату спорт түрлерінен жарыстар
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында серіктес мектептер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға шақыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда» атты ұранымен қол күрес және асық ату спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
Жарысқа серіктес мектептер: №6 жалпы орта білім беретін мектеп, Б. Жылгелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектеп және С. Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектеп қатысты.
Қол күрес жарысының нәтижесі:
І орын – №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының оқушысы Асу Мансұр
ІІ орын – С. Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Рысбай Азамат
ІІІ орын – №6 жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Нұржан Нұрман
Асық ату жарысының нәтижесі:
І орын – №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының құрама командасы
ІІ орын – Б. Жылгелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектептің құрама командасы
ІІІ орын – №6 жалпы орта білім беретін мектептің құрама командасы
Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз!



