24
қараша
2025
«Энергияны үнемдеу – экологияны қорғау», "Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну" тақырыбында тәрбие сағаттары
2025 жылдың 24 қараша күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп –гимназиясында білім алушыларды энергияны ұтымды пайдалану, табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Энергияны үнемдеу – экологияны қорғау», "Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.
Сынып жетекшілері тәрбие сағаты барысында:
Энергия көздері және олардың түрлері туралы түсінік берді;
Энергияны үнемдеудің маңызын, табиғатқа тигізер әсерін талқылады;
Үйде және мектепте энергияны тиімді пайдаланудың жолдарын атап көрсетті;
Экологиялық қауіпсіздік пен жаһандық жылыну мәселелеріне тоқталды.
Оқушылар өз ойларын ашық айтып, тақырып бойынша сурет, постер жасап, белсенділік танытты.
Тәрбие сағаты оқушыларға экологиялық тәрбие беруде, энергияны үнемдеу дағдыларын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Іс-шара оқушылардың экологиялық ойлауын дамытып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Тәрбие сағатының соңында:
«Төтенше жағдай туындаған кезде жедел қызметтерге қоңырау шалу скриптері» «Егер жабайы жануарларды кездестірсем не істеймін?»
«Саяхат кезіндегі төтенше жағдайлар (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны)
«Көшедегі қауіпті нысандардан қалай аулақ болуға болады?» (Фонтан)
«Мектептегі қауіпсіздік ережелері» тақырыптарында қауіпсіздік сабақтары ұйымдастырылды.