02
ақпан
2026
1-11 сыныптар арасында "Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында тәрбие сағаттары
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2 ақпан күні 1-11 сыныптар арасында "Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты – білім алушыларға интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке деректерді қорғау, кибербуллингтің алдын алу, әлеуметтік желілерді жауапкершілікпен пайдалану туралы түсінік беру. Іс-шара барысында оқушыларға интернеттегі қауіпсіздік ережелері, жеке ақпаратты жариялаудың қауіптері, бейтаныс адамдармен онлайн қарым-қатынас кезіндегі сақтық шаралары түсіндірілді. Тәрбие сағаттарының соңында 10 минуттық қауіпсіздік сағаттары өтілді.


