Іс-шаралар » Страница 35 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Страница 35
"Әрбір бала - дана бала!" атты оқушылардың  күзгі демалыс уақыттарын тиімді пайдалану
02
қараша
2022
"Әрбір бала - дана бала!" атты оқушылардың күзгі демалыс уақыттарын
Қараша айында #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Әрбір бала - дана бала!" атты оқушылардың  күзгі демалыс уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында білім алушылар ағылшын тілінде қойылым қойды. Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті, жеңіл келеді. Сондықтан ертегілер білім алушылардың қиялдарына қанат бітіріп, армандарын асқақтады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларын әдемі баяндауға үйретеді. Оқушылар "Үйшік" ертегісіне көрініс көрсетті.
"Әкеге қарап ұл өсер..."атты мағыналық тағылым
02
қараша
2022
"Әкеге қарап ұл өсер..."атты мағыналық тағылым
Қараша айының 2 жұлдызында №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында күзгі демалыс уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына орай дойбыдан отбасылық жарыс өткізілді. Жарыстың мақсаты "Әкеге қарап ұл өсер..."атты мағыналық тағылымы бар, жас өспірім ұлдар мен қыздардың отбасылық жағдайдағы әкенің орны қаншалықты маңыздылығын көрсету және әкесіне қарап бой түзеу. Отбасылық жарыста Абильмажиновтар отбасы(19 ұпай ) 1 орын,
“Оқуға құштар мектеп” жобасын жүзеге асыру аясында “Бір отбасы-бір кітап” тақырыбында оқырмандар бенефисі
01
қараша
2022
“Оқуға құштар мектеп” жобасын жүзеге асыру аясында “Бір отбасы-бір
01.11.2022 жыл №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында “Оқуға құштар мектеп” жобасын жүзеге асыру аясында “Бір отбасы-бір кітап” тақырыбында оқырмандар бенефисі өткізілді. Іс-шараға Ермекбаевтар отбасы, Достан отбасы, Жайлау отбасы, Аманғали отбасылары қатысып, сұрақ-жауап, мақал-мәтелдер, мозайка тәсілдерін қолдана отырып, өздері оқыған кітаптары жайында ой бөлісті. Іс-шара соңында қатысушы отбасылар алғыс хатпен марапатталды. Жауапты: мектеп кітапханашылары
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында “Ғылыми фантастикалық әдебиеттер" тақырыбында  кітапхана қорына жаңадан келіп түскен көркем әдебиеттерді насихаттау
28
қазан
2022
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында “Ғылыми фантастикалық
28.10.2022жыл №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында “Ғылыми фантастикалық әдебиеттер" тақырыбында  кітапхана қорына жаңадан келіп түскен көркем әдебиеттерді насихаттау мақсатында 7-9 сынып білім алушыларына “Таң шапағаты”, “Хәрри Поттер мен феникс алқасы”, “Уақыт машинасы”, "Жоғалған әлем", “Көрінбейтін адам”  кітаптары таныстырылды. Жауапты: мектеп кітапханашылары
5-6 сыныптар арасында "Алтын сақа" математикалық олимпиадасының І мектепшілік кезеңі
26
қазан
2022
5-6 сыныптар арасында "Алтын сақа" математикалық олимпиадасының І
Ағымдағы жылдың 26 қазан күні "Дарын" Республикалық ғылыми орталығының ұйымдастыруымен №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 5-6 сыныптар арасында "Алтын сақа" математикалық олимпиадасының І мектепшілік кезеңі өткізілді. Барлығы 28 білім алушы  қатысты.  Аудандық кезеңге  5-сыныптан 1 оқушы, 6-сыныптан 1 оқушы қатысуға жолдама алды. 
25 қазан - Республика күніне орай "Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен  2 сынып білім алушылары "Жас Қыран" ұйымына қабылдау
22
қазан
2022
25 қазан - Республика күніне орай "Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясында 25 қазан - Республика күніне орай "Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен  2 сынып білім алушылары "Жас Қыран" ұйымына қабылданды. Мектеп директоры Койшиманова Нурила Сейсенбайқызы  Республика күнімен құттықтап, білім алушыларға жылы лебізін білдірді. Мектеп ұстаздары мен "Жас Ұлан" ұйымының білім алушылары  жасқырандықтарға галстуктерін тақты. 
"Менің Отаным Қазақстан" атты салтанатты жиын
22
қазан
2022
"Менің Отаным Қазақстан" атты салтанатты жиын
Республика күні - мәртебеге ие болған тарихи маңызы зор ерекше мереке. Балаларды Отанға деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге , ұлттық және мемлекеттік мерекелерге құрметпен қарауға баулу. 25 қазан - Республика күніне орай  #5 Ақарал ЖОББМГ-да  21 қазан күні "Менің Отаным Қазақстан" атты салтанатты жиын өткізілді.
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 5 “Ә” сынып білім алушыларымен “Абай тақырыбы-мәңгілік тақырып” атты поэтикалық марафон
21
қазан
2022
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 5 “Ә” сынып білім алушыларымен
21.10.2022 жыл №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 5 “Ә” сынып білім алушыларымен “Абай тақырыбы-мәңгілік тақырып” атты поэтикалық марафон өткізілді. Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.  Жауапты: мектеп кітапханашылары
"Қыран елім - Қазақстаным" акциясы
20
қазан
2022
"Қыран елім - Қазақстаным" акциясы
25 қазан - Республика күніне орай "Қыран елім - Қазақстаным" акциясы бойынша #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясында 20 қазан күні мектеп білім алушылары  Мемлекеттік Әнұранды  орындады.  
5-11 сынып  білім алушылары арасында бірыңғай кеңес беру
20
қазан
2022
5-11 сынып білім алушылары арасында бірыңғай кеңес беру
2022 жылы  қазан айының  20 күні №5 Ақарал  жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында кәмелетке  толмағандар арасында зорлық-зомбылық,буллинг, кибербуллинг, күш көрсету, әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу мақсатында директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Ғ.Айтбаев және мектеп психологтары Р.Молдобекова және Ж.Черембаева  5-11 сынып  білім алушылары арасында бірыңғай кеңес беру күнін өткізді. Іс-шара  барысында білім алушыларға өмірде кездесетін келеңсіз жағдайлардың алдын алу,