13
қазан
2021
"Белсенді әдіс- тәсілдер арқылы білім алушылардың білім сапасын қалай жетілдіруге болады?"
13.10.2021жылы N5 Ақарал ЖОББМГ-ның 2"б" сыныбында "Белсенді әдіс- тәсілдер арқылы білім алушылардың білім сапасын қалай жетілдіруге болады?" зерттеу сұрағы аясында қазақ тілі пәнінен "Дауыссыз қ мен ғ" тақырыбында 1-ші зерттеу сабағы жүргізілді. Топ мүшелері сыныптағы А B C деңгейдегі білім алушыларды бақылады. Білім алушылардың "Еркін микрофон", "Көңілді доп", "Жұмыртқа жинау" әдістеріне деген қызығушылары артқаны байқалды. Сабақтан кейін алынған "оқушы үні" арқылы топтық, жұптық жұмыстар тиімді екені анықталды. Зерттеу тобының модераторы М. Бекасилова