22
қазан
2021
«Физика пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында оқу - жаттығу семинары
22.10.2021 ж. жаратылыстану пәні бірлестігінің айлығы аясында мұғалім К.Калманбетова жас мамандарға «Физика пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында оқу - жаттығу семинарын өткізді. Физика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс - тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізілген семинар жас мамандарға танымдық іс - әрекеттер тәжірибесін жүзеге асыруға үйретті.