18
қазан
2023
«Lesson study-ды жоспарлау, үйрету және өткізу» тақырыбында коучинг
18 қазан күні «Lesson study-ды жоспарлау, үйрету және өткізу» тақырыбында коучинг өткізілді. Коучингке 26 педагог қатысты. Коучингтің мақсаты: Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study әдісін ұсыну. Тәжірибені жетілдіру ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын көрсету. Алдымен мұғалімдер 4 топқа бөлінді. Әр топқа тапсырма берілді. Тапсырма бойынша мәтін таратылды. Уақыт берілді. Мәтінді жеке, жұппен, топта талдады. Постер жасап «5-5-1», «Сен білесің бе?», «ABC», «Чек лист» деген әдістер бойынша қорғады. Lesson stady әдісін қолданудың маңызды екенін түсіндірді. Коучинг соңында «Телефон» әдісі арқылы кері байланыс жасалды. Кері байланыс беру кезінде мұғалімдер Lesson Study сабақтардың пайдасы мол, осындай сабақтар қажет екендігіне көздерін жеткендіктерін айтып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Кері байланыс кезінде: «барлық ұсынылған ақпарат біз үшін түсінікті және маңызды», «сабақ бізді тәжірибемізге өзгерістер енгізуге қанаттандырды", «Осындай пайдалы коуч-сабақтар әлі де жүргізіле берсе» деген пікірлер айтылды.
Жауапты: Директордың ғылыми ісі жөнінддегі орынбасары Э.Жақсыбаева
Директордың бейіндік жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Байтанаева.
https://www.facebook.com/100034067418941/videos/6715873588497759/