02
ақпан
2024
"Жамбыл дарыны" аймақтық ғылыми-практикалық орталығының хатына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының бірінші (мектепішілік) кезеңі
#5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Бабижанова ұйымдастыруымен "Жамбыл дарыны" аймақтық ғылыми-практикалық орталығының хатына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының бірінші (мектепішілік) кезеңі өткізілді. Мектептегі математика, биология, физика, химия, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері мен ағылшын тілі пәндерінен 7-8 сынып қатысушылары олимпиада ережесі негізінде 1 тур тест тапсырмаларын орындап, қорытынды нәтижесінде 20 білім алушы жоғары ұпай жинап, екінші (аудандық) кезеңге жолдама алды. Пән мұғалімдері мен олимпиада қатысушыларына Нұсқаулық пен ережеге сай рұқсат берілмеген заттар мен тыйым салынатын құралдардың пайдалануға болмайтыны түсіндірілді.