06
наурыз
2025
7а сынып білім алушысы Ермекбай Нуриламен бірге "Биология сабағында жаңартылған энергия көздерін тиімді пайдалану жолдары мен оларды зерттеу әдістері” тақырыбында іс-тәжірибесі
06.03.2025ж.«Білім.Ғылым. Инновация» айдарымен «Құндылыққа негізделген, функционалды сауатты тұлға қалыптастыру - нәтижеге бағытталған білім» кәсіби шыңдалу алаңының онкүндігі аясында биология пәні мұғалімі, магистр А.А. Аманша 7а сынып білім алушысы Ермекбай Нуриламен бірге "Биология сабағында жаңартылған энергия көздерін тиімді пайдалану жолдары мен оларды зерттеу әдістері” тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті. Зерттеу тақырыбы бойынша жаңартылған энергия көздерінің өзектілігі, мақсат-міндеттері, ғылыми жаңалығы, күн және жел энергиясының экономикалық және экологиялық тиімділігі айтылып, күн және жел энергиясының макеті таныстырылды.
