05
қараша
2025
Бастауыш сынып мұғалімдеріне Lesson Study және іс-әрекеттi зерттеу үдерісін өткізу бойынша түсіндіру жұмыстары
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімдеріне Lesson Study және іс-әрекеттi зерттеу үдерісін өткізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілінің негізгі кезеңдері және іс-әрекетті зерттеуді (Action Research) жоспарлау мен өткізу жолдары талқыланды. Алдағы уақытта 2 «Ә» сыныбында – іс-әрекетті зерттеу, ал 3 «Ә» сыныбында – сабақты зерттеу үдерісін жүргізу жоспарланды.