23
қаңтар
2026
8 «Б» сыныбында «Белсенді әдістер арқылы білім алушылардың білім сапасын қалай арттыруға болады?» тақырыбында Lesson Study зерттеу сабағы
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 8 «Б» сыныбында «Белсенді әдістер арқылы білім алушылардың білім сапасын қалай арттыруға болады?» тақырыбында Lesson Study зерттеу сабағы ұйымдастырылып өткізілді.
Жоспарға сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Несіпбай «Қазақстандағы жануарлар дүниесі. Баяндауыш»тақырыбында сабақ өткізді. Білім алушылардың пәнге қызығушылығы мен тапсырма орындаудағы белсенділігін арттыру мақсатында «Айналмалы барабан», жұптық жұмысқа концептуалды кесте, топтық жұмысқа «Гүл шоғыры» әдістері тиімді қолданылды.
Топ модераторы: Асубаева Фарида