30
сәуір
2026
Мұғалімнің біліктілігі, ұшқыр ойы және шығармашылық қабілеті-сапалы білімнің негізі
30.04.2026ж. №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында мекеме басшысы Г.Шаймерденованың ұйымдастыруымен және шығармашылық топ жылдық жұмыс жоспарына сәйкес педагог шебер, зерттеуші мен магистрлармен «Жаңашыл ұстаз бейнесі: үздік тәжірибеден-сапалы білімге» іскерлік кездесу өткізілді.
Мұғалімнің біліктілігі, ұшқыр ойы және шығармашылық қабілеті-сапалы білімнің негізі. Жаһандану және технологияның дамуы жаңашыл көзқарасты талап етеді.
Іс-шара барысында мектебіміздің актуалды проблемалары мен келесі жылға міндеттер туралы талқылау жүргізілді.Білім беру жүйесіндегі мұғалімнің рөлі айтарлықтай маңызды екені айтылып, жаңа оқу жылына білім сапасын көтеруге іс-шаралар бекітіліп, қорытынды жасалды.